Батыр бала Торғынбек!
Құрыш білек болаттан,
Елді ауызына қаратқан.
Жасасың батыр Торғынбек,
Жар болып Алла жаратқан.
Қазақ жері киелі,
Жастарым спорт сүйеді.
Соларға қарап мақтанам,
Әлем басын иеді.
Ауылдан шыққан Торғын қара бала,
Өнермен үлгі болған әрсалада.
Шынықтырып денесін шымыр қылар,
Еңбекпен айналысаң спортқана.
Құмкешу киелі елдің төл баласы,
Шалқыған Торғайымның кең даласы.
Қарамойын Қыпшақтан шыққан тегі,
Ұлы ұстаздық атқарған түб бабасы
Құрмет тұтып жоғары елі жақтасын,
Үлгі тұтып кейінгі ұрпақ мақтасын.
Асық атып доп қуған қарабала,
Қамшылап намыс шынықтырып баптасын.
Желбірет туын қолыңа берік нық ұстап,
Намысты берме жинаған теріп уыстап.
Алға ұмтыл қырандай самға шарықта,
Адымда алға тұлпардай тарпып қарыштап.
Құрыш білек болаттай,
Қарсыласты тіпті жолатпай.
Бұлшық еттер бұлтылдап,
Үсті үстіне соққы қаратпай.
Көрініп тұр бапкер еңбегі,
Жаратқан баппен құраттай.
Жар жұрық еткен алмастай,
Таусылмай күші талмастай.
Қыран құстай шүйлігіп,
Қанаты мәңгі талмастай.
Разы қылдың еліңді,
Алдыға қара салмастай.
Жасай бер жаса Торғыным,
Бір Алла жүрсің қорғаштай.
Асылдың жүрсің сынығы,
Жүзіңді алтын тот баспай.
Анаңнан айналсын ел алтын құрсақ,
Жарқ еткен бағы жанып алмас пышақ.
Спорт қуып жастарға үлгі болдың,
Келешек қостай берсін кетпей жансақ.
Біздің елдеде жарқырады шоқ жұлдызы,
Әлемді дүркіреткен Димашқа ұқсап.
Бекзаттай чемпион бол үлгі тұтар,
Шаршы алаңға салайық қоймай тұсап.
Қазақтың атын таныт бар әлемге,
Қажымұқан аталардай Балуан шолақ.
Қазақтың мақтанышы бол Торғыным,
Әлем түгел таңдансың саған қарап!!!
БалтабайНұржан.